«Беделді отбасымен» байланысты фирмалардың қатысы бар контрабанда туралы жаңа мәліметтер: Т107 млрд есептелді

Күні: 09:17, 09-09-2022.

Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен немесе оның туыстарымен байланысты болуы мүмкін фирмалардың қатысы бар контрабанда туралы істің жаңа мәліметтерін анықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді. Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (бұдан әрі – СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті.Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген», - деп хабарлады бейсенбі күні бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Ведомство ақпарынша, кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.
«Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді. Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бүгінгі таңда СЭҚ-тың 7 қатысушысы («Tex Alliance», «Almobi Group», «Ехргеѕѕ Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарды», - деп нақтылады бас прокуратурадан.
Атап өтелік, аталмыш компанияларды ҚазТАГ 1 ақпандағы материалында келтірген еді. Аталмыш материалда Қазақстандағы беделді отбасымен байланысты фирмалар Қытайдан, Араб Әмірлігінен және Түркиядан контрабандалық заттарды әкелетіні туралы айтылған еді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді тексеру жүргізуді және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын, содан кейін 29 қаңтарда ҚазТАГ Қазақстанның ықпалды отбасы өкілдерімен байланысы бар кеден операторларын тексеріп жатқанын хабарлаған болатын. Кейінірек, 1 ақпандағы кездесуде Тоқаев бұл тақырыпқа тағы да оралып, кедендегі және басқа да бірқатар салалардағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды - президент айтқандай, шекарада сыбайлас жемқорлыққа тап болғандардың жартысы кеден қызметкерлеріне пара берген. Сондай-ақ 1 ақпанда ҚазТАГ «Достық» және «Алтынкөл» кеден бекеттерінің басшылары Ерлан Өмірзақов пен Мәлік Шәуленовтің қызметінен алынғанын хабарлады. Осы күні агенттік ықпалды отбасымен байланысы бар бірқатар қазақстандық фирмалар Қытайдан, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Түркиядан контрабандалық өнім әкелді деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Ақпанның 10-ы күні Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Қорғастағы» заңсыз схемалардан ең көп пайда алушылардың аты-жөнін тексеруден кейін жария етуге уәде берді.
14 ақпанда Ақорда үш апта ішінде Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тексерулер бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
16 ақпанда Қазақстан ЕАЭО деңгейінде қытайлық тауарлардың «сұр» айналымы мәселесін көтерді.
22 ақпанда Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік деректердегі сәйкессіздік 5,7 миллиард долларды құрайтыны белгілі болды.Сонымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға жүк көліктерінің 90%-ы декларацияланбаған қытайлық тауарларды тасымалдайтыны белгілі болды.
3 мамырда бас прокуратура кеден саласындағы заңсыз схемалардың салдарынан келтірілген шығын Т165 млрд. көлемінде бағаланып отырғанын жеткізді.


Жаңалықтармен бөлісу: