Қазақстандықтар есірткі өндіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды қолдайды

   Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ- Қазақстандықтар есірткі өндіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды қолдайды, деп хабарлайды ішкі- істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралып жатыр. Бұл бастамаларды қоғам қолдайды. Сонымен қатар, есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынғаны айтылды", - делінген хабарламада.

Биылғы жеті айда полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойды. Алматыда осындай 11 факт анықталды. Есірткі өндірушілерден 200 келіден аса "синтетика" және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

"Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілденің аяғында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген»,- деп мәлімдеді полицейлер.

Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленді.

«Қаскөйдің "виртуалды" кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 миллион теңге төлеуге уәде берген. Есірткі өндірісі үшін бұл жігіттің 15 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылатыны анық", - делінген хабарламада.

Фото көзі: пресс-служба КНБ


adimage