«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - республикалық маңызы бар KZ13-03 Шымкент – ӨР шекарасы (п/п Жібек жолы) автомобиль жолының Қазығұрт кендендік бекетіне кіреберісі 0-0,230 шақырымына орташа жөндеу, Түркістан облысы; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т140 688 750», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Сондай-ақ, осы хабарландыруда жоспарлы сомасы - Т7 442 196 972 құрайтын тағы бір лот сипатталған: республикалық маңызы бар Р-41 «Ленин - Ертіс - Русская Поляна» км 14-18.915 (4.91км), 24-39.880 (15.95км), 52-65 (13.1км), 66-72.932 (6.9км), 104-116.985 (12.93км), 144-151.350 (7.3км), су өткізгіш құбырын жөндеу (орнату) км 51+750, 206+100, 208+420, 208+450, 208+500, аялдаманы жөндеу (ауыстыру) км 19+205, 51+815 (сол жақ), демалыс алаңын жөндеу км 100+000 (оң жақ).
Екі лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т7 582 885 722.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 7 наурыз бен 12 наурыз аралығында өткен.
Қазіргі таңда өтінімдерді қарау кезеңі жүріп жатыр.
Источник фото: gov.kz