«Тапсырыс беруші – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ; атауы - залалдан мүлікті сақтандыру (автомобиль, теміржол, әуе, су көлігін, жүктерді сақтандырудан басқа) бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - Орбитада «KazSat-3» КА сақтандыру қызметін сатып алу; саны - бір; өлшем бірлік – бір қызмет; жоспарлы сома - Т750 000 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 19 наурыз бен 31 наурыз аралығында өтеді.
«Сақтандыру нысаны: шарт бойынша сақтандыру нысаны сақтанушының сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған сақтандыру жағдайы нәтижесінде «KazSat-3» жерсерігінің толық жоғалуынан немесе толық сындарлы жоғалуынан немесе ішінара жоғалуынан туындаған мүліктік залалды сақтанушыға өтеуге байланысты мүліктік мүддесі болып табылады», - деп сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Қызметтерді көрсету мерзімі - 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Источник фото: Ашық дереккөз