Атырауда трансформаторлардың техникалық қызметіне Т491 млн жұмсауды жоспарлап отыр

Атырау. 7 ақпан. ҚазТАГ – Атырау қаласында трансформаторларға жане электрлік торларға техникалық қызмет көрсетуге Т491 млн жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - электр энергиясын беру/қайта бөлу бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - Атырау қаласындағы трансформаторларға жане электрлік торларға техникалық қызмет көрсету; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т491 071 428,57», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 6 ақпанда басталған, 13 ақпанға дейін жалғасатын болады.

«Әлеуетті жабдықтаушы қаланың коммуналдық меншігіне жататын электр желілерінің бойында және трансформаторларында апатты жағдай орын алғанда бірінші кезекте апатты қалпына келтіру жұмыстарын орындауы тиіс. Әлеуетті жабдықтаушы кепілдік хаттарына сәйкес келесі жұмыстарды орындауы қажет: 6-10/0,4кВ-ті күштік трансформаторларды жөндеу; күштік трансформаторлардағы май ағу фактілерін жою; КТП, ТП, РП, ПС-да күзгі тексеру жұмыстарын өткізу; ТП, КТП-дағы күштік трансформаторларды ауыстыру; 0,4кВ-ті ӘЭЖ-дегі жүктемені бөліп КТПН орнату; сақтандырғыштарды ауыстыру; 0,4кВ-ті автоматтарды ауыстыру; 0,4кВ-ті ажыратқыштарды ауыстыру; жоғары кернеулі айырғыштарды ауыстыру; ТП-дағы шиналарды ауыстыру; жоғары кернеулі сөндіргіштерді ауыстыру; ТП, КТП, РП, ПС, ӘЭЖ-нің жерге тұйықталу нүктелерін қалыпқа келтіру; вакуумды сөндіргіштерді ауыстыру; су басу қауіпі бар КТПН-ді көшіру; 6-10-0,4кВ ӘЭЖ-нің бағаналарын ауыстыру», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.

Источник фото: pixabay.com


adimage