«Тапсырыс беруші – «Digital Silk Road Company» ЖШС; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - автокөлік жолдарын тұрғызу жұмыстары; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 698 216 542», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 18 наурызда басталып, 26 наурызға дейін жалғасатын болады.
«Мердігер мердігерлік шарттың талаптарына және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға міндетті; ұмыстардың орындалуына және төлем алынуына қарай тапсырыс берушіге тиісті атқарушылық-техникалық құжаттаманы ұсыну; құрылыс аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге толық көлемде атқарушылық-техникалық және рұқсат беру құжаттамасын, оның ішінде қаланың планшетіне жазылған атқарушылық түсірілімді ұсыну. Мердігер жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзғаны, жұмыстарды орындау шарттарын сақтағаны үшін жауапты болады», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Жұмыстарды орындау орны: Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен а. Учетный квартал 87, 27 ғимарат.
Фото көзі: Ашық дереккөз