Тағы бір қазақстандық стендап-әзілкештің қамауға алынғаны туралы хабарланды

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Тағы бір қазақстандық стендап-әзілкеш Александр Меркульдің уақытша ұстау изоляторына 10 күнге қамалғаны туралы «За нами уже выехали» Telegram-арнасы хабарлады.

«Тағы бір әзілкеш 10 тәулікке қамаkды. Уақытша ұстау изоляторына стендап-әзілкеш Александр Меркуль қамауға алынды», - делінген жұмадағы хабарда.

Автор қамауға алудың нақты себебін білмейтінін жазған.

«Бірақ біздің ақпарымыз бойынша - өз рилсінде балағат сөз қолданғаны және «Жаңа Қазақстан» туралы әзілі үшін ұсталған сияқты», - делінген хабарда.

ҚазТАГ редакциясы ішкі істер министрлігіне аталмыш жарияланымды осы жағдайға қатысты түсінік беру үшін жолданған сауал деп қабылдауды ұсынды.

Атап өтелік, бұл соңғы кездері стендап оқушылардың ұсталуының алғашқы жағдайы емес. Мәселен, 24 мамырда стендап-әзілкеш Нұрасхан Басқожаевтың қамауға алынғаны хабарланған еді.

adimage