Астана әуежайы бір теңгергіш арбасын Т379,5 млн сатып алмақшы

   Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Астана әуежайы бір теңгергіш арбасын Т379,5 млн сатып алмақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Тапсырыс беруші – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ; атауы - теңгергіш арбасы; саны - бір; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома - Т379 595 127,68», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 29 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage