Қарағанды облысында тұрмыстық техника шығару жоспарланып отыр

   Қарағанда.3 қазан.ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Қарағанды облысында желтоқсан айында тұрмыстық техника шығару жоспарланып отыр, деп мәлімдеді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
  «Қарағанды облысында өнімділігі жылына 1,1 млн-нан аса тұрмыстық техника шығаратын өндірісті («Silk Road Electronics» ЖШС) іске қосу жоспарда бар. Зауытта ARTEL брендімен теледидарлар, су жылытқыштары, шаңсорғыштар, шағын пештер, кір жуғыш машиналар жасалады, 530 жаңа жұмыс орны құрылады»,- деді Қанат Шарлапаев сейсенбі күні.
   Сондай-ақ, 2023 жылдың желтоқсан айында 261 жаңа жұмыс орнын құрып, арнайы кокс шығаратын заманауи зауыт іске қосылады. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна. Өнім кейіннен экспортқа шығарылып, ERG кәсіпорындарының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
  Шарлапаев, Қостанай облысында «СарыарқаАвтоПром» компаниясы Chevrolet Оnix автомобильдерін шағын тораптық әдіспен (CKD) өндіруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Жылына 30 мың бірлік шығару жоспарланып отыр. бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

adimage