Қарағанды облысында полиция ҰҚК бірлесіп, қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Қарағанды. 26 шілде. ҚазТАГ – Қарағанды облысында полиция ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.

«Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде “Қазақмыстан” металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деп күдіктелуде», - делінген жұмадағы хабарда.

ІІМ атап өткендей, қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

«Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ мәлімдегендей, қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

adimage