Ақтөбеде полицей рөлге мас күйде отырып, ерлі-зайыптыларды қаққан деген айып тағылуда

Ақтөбе. 26 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбеде полицей рөлге мас күйде отырып, ерлі-зайыптыларды өлімші етіп қағып кеткен деп айыпталуда, деп хабарлады «Мой город».

«Ақтөбе облысында полицей ерлі-зайыптыларды өлімші етіп қағып кеткен», - делінген жұмадағы хабарда.

Алдымен Ақтөбеде полиция қызметкерінің адам өліміне әкеп соққан ЖКО қатысушысы болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

«Алдын-ала ақпар бойынша, 34 жасар полицей алкогольді мас күйде Kia көлігінің рөліне отырып, рөлге ие бола алмай 25 және 26 жастағы релі-зайыптыларды қағып кеткен. Басында қашып кетпекші болған-мыс тәртіп сақшысы, кейін берілген», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, өңірлік полиция департаментінде аталмыш дерек расталды және сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, жүргізуші қамауға алынған.

«Қызметтік тексеріс жүргізілді, нәтижесінде жеті жауапты қызметкер, соның ішінде тікелей басшылары қызметтерінен босатылды», - деп нақтылады полицейлер.

adimage