Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек, деп есептейді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Балаларды іргелі құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеуге баса мән беру керек. Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс», - деді Тоқаев бейсенбідегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында.
Оның пікірінше, жастардың дүниетанымы өткенді, бүгінді және болашақты біртұтас ұлтымыздың еш бөлінбейтін ортақ мұрасы ретінде эмоциясыз, саяси астарсыз шынайы қабылдауға негізделуі өте маңызды.
«Біз, Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек. Біздің идеологиямыздың тірегі – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Ең бастысы – дұрыс сөйлеп, жақсы ниет білдіру ғана емес, нақты жұмыс істеп, игілікті іске күн сайын күш жұмсау. Оқыту-тәрбиелеу үдерісінде «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз», «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар көрініс табуға тиіс», - деді Тоқаев.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды өтеді6 Мамыр 2024, 17:10
-
Жаслан Мәдиев Қазақстанның цифрлық даму министрі болып тағайындалды6 Мамыр 2024, 16:42
-
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады6 Мамыр 2024, 16:25
-
Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөз 10 мамырда Алматыда өтеді6 Мамыр 2024, 16:12