Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөз 10 мамырда Алматыда өтеді

    Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ- Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөз 10 мамырда Алматыда өтеді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
   "Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз Алматыда 2024 жылдың 10 мамырда өтеді", – делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
   Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін алаң беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.

adimage