Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, жақын арада минкабинетінің кеңейтілген жиыны өтетінін Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде айтқан еді. 1 ақпанда сенат спикері Мәулен Әшімбаев жиынның 7 ақпанда өтетін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
«Отбасы банкіне» мемлекеттік бюджеттен Т343 млрд жуық кредит бермек20 Мамыр 2024, 11:55
-
ІІМ қазақстандық түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады20 Мамыр 2024, 11:20
-
Автомобиль жолдарын дамытуға бес жылда Т824,5 млрд жұмсамақшы20 Мамыр 2024, 11:05
-
Қаржы экс-министрі Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды20 Мамыр 2024, 09:15