Жаңа ипотекалық бағдарламадан кім шыға алады?

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) ипотекалық бағдарламасы, оның атауы «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері», шектеулі адамдар санына арналған бағдарлама болу қаупі бар. Бұл тұжырымға ҚҰБ Басқарма Төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың соңғы мәлімдемесін мұқият талдау барысында көз жеткізуге болады.
Реттеуші қандай тәртіп дайындауда?
Құжат әзірленіп жатқанына қарамастан Ұлттық Банк төрағасының орынбасарының мәлімдемесіне сәйкес бағдарламаның жеке болашақ параметрлерін бағалауға болады. Бұл туралы ол өткен аптада Орталық коммуникациялар қызметінің дөңгелек үстелінде айтты. Бізді оның әлеуетті қарыз алушыларының ипотекалық несие көлеміне қаншалықты сене алатындығына қатысты өз сөзінің бөлігі қызықтырады. Мәселен, бағдарлама елдегі ірі қалалар үшін ипотеканың максималды мөлшерін шектейді.
«Егер біз осы бағдарламаны алсақ, несие тек теңгеде болмақшы. Бұдан басқа, ірі қалалар үшін несие көлемі, айталық, 25 миллион теңге. (...) Басқа қалалар үшін шамамен 10 млн., ал облыстарда бастапқы тұрғын үй бар болса, онда 7 млн. теңге», - деді О.Смоляков.
Бірақ мәселелер ипотекалық несиенің максималды мөлшерін шектеу фактісі емес, оған күтілетін айлық төлем қанша тұратындығында. Егер сіз ірі қалаларда, мысалы, Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алуға ипотеканы алсаңыз, онда Ұлттық Банктің Басқарма Төрағасының орынбасарының есептеулеріне сәйкес, сіз шамамен 70 мың шаршы метрлік 2-3 бөлмелі пәтерді сатып ала аласыз, ал бұл ай сайынғы төлем шамамен Т170 мың теңге болады және де мұны ол «өте ақылға қонымды борыштық жүктеме» деп атады.
Алайда, егер біз қазақстандықтардың ай сайынғы табысы туралы ресми деректерді алсақ, онда мұны ыңғайлы деп атауға болмайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикалық комитетінің бағалауы бойынша, 2018 жылдың қаңтарында халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы T81 192 болды, бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 5,5% жоғары. Соған қарамастан, осы кезеңдегі нақты ақшалай табыс тағы да 1,2% -ға төмендеді.

Шектеулі адамдар санына арналған ипотека

Ал енді, отбасында ері де, әйелі де ай сайын елдегі орташа кірістен жоғары алатын мәселен, 2 есе жоғары алатын жас отбасыны алып қарайық, яғни олардың кірісі айына Т324 768 болады делік.
Тіпті бұл жағдайда да мұндай отбасы жаңа ипотекалық бағдарламға қатыса алмайды, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілетін ҚР ҰБ «Қаржылық ұйымдардың банктік және басқа да операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге шектеулер енгізу туралы» қаулысына сәйкес қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің жоғары деңгейі 0,5 аспауы тиіс. Бұл ретте коэффициенттің өзі соңғы 6 айдағы оның орташа ай сайынғы кірісінің барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлемінің орташа сомасына қатысы ретінде есептеледі.
Былайша айтқанда, несие және несиелер бойынша ай сайынғы төлем сомасы борышкердің кірісінің 50% аспауы тиіс. Яғни ай сайын тіпті орташа кірісі $1 мың болатын отбасы үлкен қалада 2-3 бөлмелі пәтер сатып алуға ең жоғары займ алуға үміттене алмайды. Ал жас отбасыларды, әсіресе, кірістері $1 мың және одан жоғары болатын, күндіз шаммен іздсеңіз де таппайсыз, қазақстандық көптеген отбасылардың айлық кірісінің $1 мыңнан төмен екені бәрімізге де белгілі.
Және бұл несие алуға керек соңғы 6 айдағы ай сайынғы кіріс деңгейін құжат түріндегі растамасын, тұрғын үй бағасының бастапқы 20%-ын төлеу, қарыз алушының жасы және т.б. секілді нюанстарды есептемегенде
Демек, әр отбасыны ипотекалық займдар арқылы шаршы метрмен қамтуға арналған жаңа ипотекалық бағдарламаға көптеген қазақстандық, әсіресе өзінің, жеке баспанасына қол жеткізгісі келетін жас отбасыларға қол жетімді болмауы мүмкін. Ал оған мынадай талаптармен тек бірең-сараңы ғана қол жеткізеді.
Әлбетте, мәселе үлкен қаладан 2-3 бөлмелі пәтер сатып алуға арналған ең жоғары ипотекалық займ туралы болып отыр. Тіпті болжалды максималды ипотекалық несие көлемінен 2 есе төмен соманы алсақ та, жағдай сәл жақсарады, бірақ түбегейлі өзгермейді.
Сондықтан О.Смоляков келтіргендей, мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын, алғашқы жарнасы - 20%-дан аспайтын, несиенің ең жоғары мерзімі - 25 жыл секілді параметрлері өзгергендегі несие бойынша жаңа иоптекалық бағдарламаға әр отбасы емес, азғантайы ғана қол жеткізе алады.

adimage