Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Ең танымал қазақстандық кәсіпкерлердің бірі Василий Розиновтың («Иволга» аграрлық холдингінің қожайыны) адвокаты сотта қылмыстық құрамының болмауы себепті клиентін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтінішін оқыды.
Бұл жаңалықты Қостанайда үлкен қоғамдық қызығушылықпен қабылдады. Розиновтың холдингі ауылдағы мыңдаған тұрғынға жұмыс беріп отыр еді, әлеуметтік жобаларға үлкен сомалар жұмсады, қомақты салық сомасын төлеп келді, жергілікті билікке тіреу болды. «Иволганың» қожайынының өзі жоғары мемлекеттік наградалардың иегері.
Розиновқа қарсы қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына 4 ай болды: кәсіпкерге ҚР 177 бабы 4 бөлімі (1997 ж. редакция) – аса ірі көлемдегі алаяқтық - бойынша айып тағылуда.
Мемайыптау Василий Розинов адал ниетті кәсіпкер имиджін қалыптастырып, ЕАДБ (Еуразиялық даму банкінде) алған кредит қаражатын жымқырған деп санайды. ЕАДБ-ден алған $80 млн орнына «Иволга-Холдинг» негізгі борыштың шотына $30 млн және пайыз түрінде $14 млн астам қаржы төледі.
Айыптау ол ЕАДБ-ға астық қолхатын бергенде «Иволга-Холдинг» элеваторында астық болмағанын дәлелдеуге тырысуда. Қорғау оған қарсы: оның дәлелі сотқа ұсынылмады. Астықтың элеваторлар мен нанқабылдау пункттеріне жөнелтілгендігі туралы құжаттарды тергеу «көріп отырған жоқ». Василий Розиновтың айтуынша, кредиттер еңсерілмейтін жағдайлардың кесірінен проблемаға айналған: ұлттық валютаның екі рет девальвацияға ұшырауы (кредиттер АҚШ долларымен рәсімделген) және бірнеше жыл болған құрғақшылық, соның салдарынан астық түсімі аз болған.
Адвокат Константин Геращенко сот залында мемайыптау сотқа кредит қаржысын әдейі жымқырудың дәлелін ұсынған жоқ, оның үстіне ақшаны Розинов кепілмен және кәсіпкердің жеке кепілгерлігімен алған деп мәлімдеді.
«Иволга-Холдинг» қожайынына тағылған баптың диспозициясында қылмысты анықтайтын фактор ретінде пиғыл сөз болған», - деп түсіндірді Геращенко. «Алайда егер Розинов басынан ақшаны жымқырмақ болған болса, неге бірден солай жасап, қашып кетпеген? Міне сол шын мәнісінде алаяқтық болған болар еді. Бұл жерде барлығы керісінше ғой: бұл адам үш жыл бойы кредитін төлеген, пайызын өтеп келген. Ал ол осылайша «адал ниетті кәсіпкер образын жасап, солай болып көрінді» деген күдік сын көтермейді».
«Жалпы, тергеудің кредит алудың заңсыздығын көрсеткісі келе тұра, оған алаяқтық айыбын тағып отырғаны түсініксіз», - дейді Константин Геращенко. « Бірақ Розиновқа, былайша айтқанда барлық ауыр айыптар тағылуда… Десек те ҚР Жоғарғы сотының 2017 жылғы 29 маусымындағы «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативті қаулысы бар, соған сәйкес «қаржы жағдайы туралы көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну арқылы кредитті қайтаруға ниеті болмай өзінің меншігіне айналдыру мақсатында адамның оларды алуы алаяқтықтың құрамын құрайды».
Розиновтың қылмысық ісінде бұл айыптаулар дәлелдермен бекітілмеген. «Иволга» қожайынының алдайтын да, борышқа алынған қаражатты иемденіп алатын да ойы болған емес. Бұл нақты айғақ: кредит сомасы қандай да бір шетел шотына аударылмаған, Розинов шетелге қашқан жоқ, тек оның компаниясы қиын экономикалық жағдайға тап болды.
«Істе ЕАДБ-нен кредит алумен байланысты келесідей дерек бар», - деп жалғастырды адвокат Геращенко. « 2011 жылы банк мақұлдау рәсімін ұзақ созды, сол кезде «Иволга» өз астығының 80 мың тоннасын сатуды ұйғарды. Шарт жасалды, сол бойынша сатып алушы «Иволганың» шотына 1 млрд 280 млн теңге аударды. Шартқа төлем жасалғасын бір күннен кейін ЕАДБ Розиновқа кредит беру бойынша оң шешім шығарылғаны туралы хабарлады. Сол кезде «Иволга» астық сату шартын бұзып, өз әріптесіне ақшасын қайтарады және тұрақсыздық төлемі - 10 млн теңгеден астам соманы да қайтарады. Сондай-ақ, 2011 жылы 100 мың тонна астық егістік жұмысына кетті. 2011 жылы сатылуы тиіс 82 мың тонна астықтың бары туралы мәлімет бар. Қайталап айтамын: мұның барлығы құжат түрінде расталған деректер, ол тергеудің астық қолхатының қамтамасыз етілмегендігі туралы нұсқасын теріске шығарады».
Басқа жағынан, айыптау қылмыстық іске тігілген сараптамаға сүйеніп отыр. Ал оның нәтижесі тергеу нұсқасына сәйкес келеді. Қорғау тарапының пікірінше, ол өрескел қателіктермен жасалған және жалған және заңсыз түрінде жоққа шығарылуы керек.
«Тергеу компания басшылығын хабардар етпестен, «Иволгаға» қатысты сараптама тағайындаған», - деп түсіндірді адвокат. «Бізді зерттеу тағайындау туралы қаулымен таныстырған жоқ, өз сұрақтарымызды қоюға, сарапшыларға наразылық білдіруге және т.б. мүмкіндік бермеді. Компания өкілдері сараптама нәтижесін тек ол аяқталып, іске тігілгеннен кейін ғана бір білді. Мұның барлығы ҚПК нормаларының өрескел бұзылуы болып табылады».
Қостанай қаласы №2 сотында өтіп жатқан қылмыстық процесте 240-тан астам куәгерден (олардың 9-ы әлі күнге дейін сотқа келген жоқ, қорғау тарапы іске тартқан ауыл шаруашылық министрлігінің маманы А.Кунаков пен Бас прокуратура тергеушісі А.Кадралиновтың түсініктері тыңдалмады) жауап алынды. Бас куәгерлер- элеваторлар және НҚК директорлары мен есепшілері. Қорғау сотта оларға тергеу тарапынан көрсетілген қысым туралы мәлім етті.
«Ондай куәгерлердің саны – 12», - деді адвокат. «Олардың барлығы тергеу кезеңінде кредиттің берілуін қамтамасыз ететін жалған амалдар .үшін-мыс қылмыстық жауапқа тартылды. Сосын олардың әрқайсысы ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық тексеруді тоқтату туралы кешірім жазды. Элеваторлардың бірінің директоры Зарицкий сотта: «Тергеушілер мен прокурорлар менің элеваторымда астық болмады дегенге мені сендірді» деп мәлімдеді. Есепші Мороз тергеу барысында берген жауабын теріске шығарып, прокурорға «Сіздердың жауапты қатты алатындарыңыз соншалық, тіпті өзімізге де жала жауып жібереміз» деді. Астықты шұғыл есепке алу жөніндегі аға есепші Бекужина: «Менің элеваторда астық жоқ деп айтқанымды қалады» деді. Мен тергеу жұмысын Розиновты айыптауға қажет ақпаратты алу мақсатында куәгерлерге қысым көрсету деп бағалаймын. Түптің түбінде шын мәнінде бұл адамдарды қылмыстық жауапқа тарту мүмкін емес – барлық ескіру мерзімі өтіп кетті. Солай оларды қорқытқан…
«Мәскеуден шақыртылған инспекциялық компанияның қызметкерлері жүргізген тексеру актісі бар», - дейді адвокат К.Герашенко. «2011 жылы Қазақстан тарихындағы рекордтық астық түсімі тіркелді. Бидайдың сол кезде көп жиналғаны соншалық сақтайтын орын табылмады. Және тексерушілер бұл дерекке сүйеніп, «Иволганың» элеваторлары мен НҚК әлбетте толып тұр деп есептеді. Осыдан кейін жоғарыда аталған сараптама мен тергеудің жалған астық қолхаты туралы қорытындысына қалай сенуге болады?
Қорғау тарапының пікірінше, тергеу «Иволга-Холдинг» жұмысының кластерлік ерекшелігін түсінбеді. Ал оның мәні мынада, негізгі кәсіпорын компаниялар тобының жұмысын біріктіреді және үйлестіреді. Бұл оларда астық, олар үшін «Иволга» банктен ақша алды, өндірісті қаржыландыру үшін. Және барлық кәсіпорынның бір құрылтайшысы болды – сол Василий Розинов. Олардың әрқайсысы кредит шартында контрагент ретінде жүр.
В.Розиновтың ісі бойынша қылмыстық соттың жоғарыдағы және басқа да көптеген дәлелдер мен деректерге баға беруіне тура келеді. Соның ішінде ЕАДБ-нің «Иволгадан» азаматтық тәртіпте 40 млн доллардан астам қаржыны өндіріп алуы бойынша да. Банк холдинг кредиторлары талаптарының тізіліміне енгізілген, материалдар сот орындаушысына жолданған. Яғни, қорғау пікірінше, кредиторлар мен борышкердің жанжалын қылмыстық іске айналдыруға негіз жоқ еді. Дегенмен солай болып қалды.
Істі қарау аяқталуға жақын. Іс материалдары зерделеніп болды. Алда – тараптардың соңғы сөздері мен үкімнің шығарылуы.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42