Әзілханов ҚХА төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінгген сәрсенбідегі хабарда.
Бұған дейін Әзілханов ҚР дін істері және азаматтық қоғам минситрлігінің жауапты хатшысы, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі ҚР қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2019 жылдың сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін ҚР қоғамдық даму және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

adimage