Жоғары лауазымды дипломаттар Қарашығанақ кен орнында болды

Күні: 19:27, 08-11-2019.

Ақсай. 8 қараша. ҚазТАГ – Жоғары лауазымды дипломаттар Қарашығанақ кен орнында болды, деп хабарлады «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) консорциумы баспасөз қызметінен.
«7 қарашада Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Нидерланды Корольдігі елшіліктері дипломаттарының делегациясы Батыс Қазақстан облысына қысқамерзімді жұмыс сапары аясында Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кенорнында болды», - деп хабарлады ҚПО жұма күні.
Делегацияны Қазақстандағы АҚШ төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер, Ұлыбритания төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффорд, Нидерланды Корольдігі төтенше және өкілетті елшісі Андре Карстенс бастап келді.
Кездесу барысында ҚПО бас директоры Эдвин Блом ҚПО өндірістік қызметіне шолу жасады, жергілікті мазмұн мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы компанияның жетістіктеріне тоқталды. Эдвин Блом сондай-ақ, 2019 жылы жүргізілген Қарашығанақ кен орны тарихындағы ең көлемді күрделі жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталғанын да тілге тиек етті.
«ҚПО өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, жергілікті мазмұнды дамыту мәселелеріне баса назар аудара отырып, кен өндіруде тұрақты көрсеткіш көрсетіп келеді. Қазіргі таңда консорциум акционерлері Қарашығанақ кен орнын игеруге $25 млрд астам қаржы инвестициялаған», - деді Эдвин Блом
Кездесу барысында делегация мүшелері Қарашығанақ кен орнында кен өндіру жобасын ұзарту жобасының жүзеге асырылуымен танысып, өндірістік нысандарды аралады: Қарашығанақ қайта өндіру кешені (ҚҚК), газ бойынша өндірістік шектеуді алып тастау жобасы (ГӨШАЖ), 249 бұрғылау қондырғысы. Сонымен қатар ҚПО қызметкерлерімен ресми емес кездесу де болды.
Кездесу қорытындысы бойынша жоғары лауазымды дипломаттар ҚПО-ға алғыстарын айтып, компанияның барлық қызметкерлеріне Қарашығанақ кен орнын иегеруде ары қарай сәттілік тіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: