Жезқазғанда ҚАЖ қызметкері қызды құтқарамын деп пышақ жарақатын алды

Күні: 16:47, 12-07-2019.

Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – Жезқазғанда қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметкері қыз баланы құтқарамын деп пышақ жарақатын алды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.
«Кеше түнде Жезқазған қаласында пробация қызметінің қызметкері Баламамедов Гиа жұмыстан қайтып келе жатып, көшелердің бірінің ауласынан жанжалды жағдайды байқап қалған. Жақындап барса, орта жастағы ер адам баласы бар әйел адамды ұрып жатқанын көреді. Подъездің темір есігіне соққан әйел жерге құлайды. Құқық қорғау қызметінің қызметкері өтіп кете алмайды. Нәтижесінде азаматша құтылады, ал ҚАЖ қызметкері қаскөйдің қолынан пышақ жарақатын алады», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазір Баламамедовтың жағдайы «салыстырмалы түрде қанағаттанарлық», ол Жезқазған аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.
«Аталмыш дерек Қарағанды облысы полиция департаментінің Жезқазған ҚАЖ тіркелген, ал қылмыскерге қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ҚАЖК.


Жаңалықтармен бөлісу: