Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бір жолғы төлемдерін Т250 мыңға көбейту ұсынылды

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бір жолғы төлемдерін Т250 мыңға көбейту ұсынылды, деп мәлім етті Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
«Бұл жоспар келесі жылы қаралатын болған. Алайда, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаржыны үнемдеу есебінен және «Тәуелсіздік күні» қарсаңында биыл «желтоқсаншыларға» төлемдерді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды», – деді кезектен тыс сессия барысында мәслихат депутаттарының сауалына жауап берген Қырықбаев.
Жыл сайын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар «Тәуелсіздік күніне» орай 150 мың теңге төлем алып келді. Биыл бұл көмекті 702 адам алады.
Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрып жатыр.

adimage