Жамбыл облысында құрамында алтыны бар кен тастарын заңсыз қазумен айналысқан сегіз күдікті ұсталды

Күні: 17:58, 13-08-2019.

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ - Жамбыл облысында құрамында алтыны бар кен тастарын заңсыз қазумен айналысқан сегіз күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне құрамында алтын бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіп түсті. Алтын өткізушілер кен тастарын жинаумен айналысып, оларды «УАЗ» маркалы үш автомашинаға тиеген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Іс бойынша сегіз күдікті ұсталды. Тәркіленген кен тастарына сот-химиялық сараптамасы тағайындалды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 334-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: