Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Жамбыл облысында героинді тарату каналының жолы кесілді, 6 адам ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
«Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасымен 17 сәуірде үлкен операция барысында героинді тарату каналының жолы кесілді, алты адам ұсталды, соның ішінде екі ерлі-зайыпты бар», - деді А.Садубаев бейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, есірткі таратушыларды ұстау операциясы барысында ведомстволық арнайы тағайындаманың күштік қолдауымен полиция қызметкерлері бір мезетте төрт мекенжайға барды, олардың әрқайсысынан есірткілер мен алдын-ала болжам бойынша қылмыстық жолмен табылған ірі сомада ақшалай қаражат тәркіленген. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 6 кг құраған.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26