Жаңа орында үш ай жұмыс жасаған Юсупов Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Меиржан Юсупов Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, ол 2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған еді. Бұған дейін 2010 жылдан бастап 2020 жылғы қараша аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қазынашылық бастығы, директоры, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеген.

adimage