Жұма күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Тараз қ.: 19 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі. Күндіз кей уақытта найзағай, күтіледі бұршақ болуы ықтимал», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage