Жұма күні түнде әуе рейсімен ұшып келген 300-ден астам қазақстандық карантинге орналастырылды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні түнде әуе рейсімен ұшып келген 300-ден астам қазақстандық карантинге орналастырылды, деп хабарлады Қазақстандағы коронавирус инфекциясы жағдайы туралы ведомствоаралық комиссиядан.
«23 қазан күні түнде елімізге 11 рейспен 1291 жолаушы ұшып келді. «Оларды 962-сінде ПТР анықтама болса, 329 жолаушыда анықтама болмай шықты. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласына 5 рейспен келген 522 жолаушының 373-інде анықтама болса, 149-ында анықтама болмады. Алматыға 5 рейспен 728 жолаушы келді. Оның 548-і анықтамамен, 180-і анықтамасыз жеткен. Ал Ақтауға 1 рейспен жеткен 41 жолаушының барлығының анықтамасы бар», - делінген жұмадағы хабарда.
ВАК ведомствосының ақпарынша, жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келген.

adimage