Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,35% -ға 2311,3 -тен 2303,15-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,1 есе түсіп, Т74,5 млн. немесе $196,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+2,1%), «Кселл» АҚ (+0,6%) және «KEGOC» АҚ (+0,2%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-3,7%), «Қазақстан Халқы банкі» АҚ (-0,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,5%) акцияларының бағасы түскен.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22