Жұма күні KASE индексі 0,32 %-ға 2318,89-ға өсті

Күні: 18:52, 08-11-2019.

Алматы. 8 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,32% -ға 2311,41-ден 2318,89-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 6,3% түсіп, Т543,1 млн. немесе $1396,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,1%), KAZ Minerals PLC (+1,3%), «Кселл» АҚ (+0,6%) және «Қазақтелеком» АҚ (+2,1% акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,04%), «KEGOC» АҚ (-0,2%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ (-1,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%) бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: