Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен орталығында жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:30, 27-03-2020.

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен орталығында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстігі мен орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, жел күшейеді, солтүстігінде кей жерлерде көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түстен кейін аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +2+4, түнде -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+10, түнде -2-4 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +2+4.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде -3+2.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде -1+4.
Қостанай облысында жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, 18-23 м/с жел ттұрады. Күндіз +7+12, түнде -2-7.
Ақмола облысында аздаған жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -2-7.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Павлодар облысында аздаған жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3-8.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, солтүстігінде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде -5-10 (оңтүстігінде -2).
Ақтөбе облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Атырау облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде -4+1.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -7-12.
«Алдағы тәулікте республиканың жазықтықтағы өзендерінде мұз жамылғысының әлсіреуі жалғасады, қар қарқынды түрде ериді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерінде мұздың ары қарай еруі байқалады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: