Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Скандинавия аудандарынан соғатын циклонның ықпалымен ҚР-да жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында Солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ке.йде қар жауады. Түнде және ертеңгісін көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -3-5.
Алматыда аздаған бұлтты, күнді.з жаңбыр жауады. Батыстан 2-7 м/с жел тұрады, екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +8+10.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +3+5.
Шығыс Қазақстан облысында қар және жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +6+11, түнде 0+5.
Ақмола облысында қар жауады, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -2-7.
Атырау облысында күндіз жауын-шашын түспейді,. Түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Жамбыл облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде +2+7
Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1+4, түнде 0-5.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде қар аралас жаңбыр жауады, +2 үсік жүреді, 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Қызылорда облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде өткінші жаңбыр жауады, түнде +3 үсік жүреді. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Қостанай облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған қар жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -1-6.
Қарағанды облысында қар аралас жаңбыр жауады, жаяу сырма соғады, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8 (оңтүстігінде +11+16), түнде -1-6 (оңтүстігінде +3).
Алматы облысында күндіз қар аралас жаңбыр жауады, 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде +3+8.
Павлодар облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -1-6.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер

adimage