Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі

Күні: 09:25, 12-07-2019.

Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек батысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +18+20, күндіз +30+32.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +19+21, күндіз +32+34.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік - шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +22+24, күндіз +38+40.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +36+41, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +10+15.
Қызылорда облысында ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +25+30.
Ақмола облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +15+20.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +17+22.
Түркістан облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +35+40, түнде +19+24.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +14+19.
Маңғыстау облысында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +20+25.
Атырау облысында қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +20+25.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +13+18.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +26+31, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте Түркістан және Қызылорда облыстары шетіндегі Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан судың келуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.




Жаңалықтармен бөлісу: