Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды, тұман түседі және екпінді жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15 м/с жетеді, +13+15. Метеожағдай бойынша түнде қала атмосферасында ластанған заттардың жиналуы, ертеңгісін және күндіз таралуы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы +15+17.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жауын-шашын күтіледі, 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, сәйкесінше, +10+15, +11+16. Павлодар облысында тұман түседі, +11+16. Қостанай облысында жаңбыр жауады, +12+17.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде жауын-шашын күтіледі, +10+15, +7+12.
Алматы облысында кей жерлерді тұман басады, +14+19. Жамбыл облысында кей жерлерді тұман басып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде, ал Қызылорда облысында кей жерлерді шаңды дауылмен жел 15-20 м/с дейін күшейеді, +15+20, +20+25 сәйкесінше. Оңтүстік Қазақстан облысында күш ашық, жауын-шашынсыз, +18+23.
Маңғыстау аймағында да кей жерлерді тұман басады, түнде жаңбыр, +15+20. Ақтөбе мен Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, жаңбыр жауады, +12+17. Батыс Қазақстанда күн күркіреп, өткінші жауын-шашын болады, +13+18.
Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылады. Жазықтық аумақтағы жекелеген өзендерде (Ақмола, БҚО, Ақтөбе, Қостанай облыстары) және республиканың орталығындағы су деңгейі аздап құбылады. Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде мұз құрамы ары қарай бұзыла береді, су деңгейінің құбылуы, Сергеевский су қоймасынан төмен қарай орналасқан гидрологиялық бекеттерде су тасулар мен су басулар болуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08