Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі- қар жауады, оңтүстігінде - жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, жаяу сырма соғады», – делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, жаяу сырма соғады. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17 және күндіз -7-9.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +5+7.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Оңтүстіктен 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +13+15.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу сырма соғады, батысында, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз 0-5 (солтүстік-шығысында -8), түнде -8-13 (солтүстік-шығысында -16).
Атырау облысында батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, күндіз батысында, орталығында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -3-8 (солтүстігінде -11).
Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу сырма соғады, батысында, күндіз орталығында 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -3+2 (солтүстігінде -10).
Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында, таулы, тау маңы аудандарда тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -1+4 (солтүстігінде -4).
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батысында – тұман, күндіз оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел тұрады, жаяу сырма соғады. Күндіз -13-18 (оңтүстігінде -10), түнде -20-25 (оңтүстік-батысында -28).
Шығыс Қазақстан облысында батысында жаяу сырма соғады, күндіз батысында, орталығында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5 (солтүстік-шығысында -10), түнде -12-17 (солтүстік-шығысында -22).
Қызылорда облысында ертеңгісін және күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түседі. Күндіз -1-6 (оңтүстігінде +9, солтүстігінде -4), түнде -6-11 (солтүстігінде -14, оңтүстігінде -3).
Қарағанды облысында солтүстігінде, орталығында жаяу сырма соғады, түнде батысында тұман түседі. Күндіз -5-10 (оңтүстігінде -2), түнде -5-10 ( солтүстігінде -15).
Жамбыл облысында солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Ақмола облысында оңтүстігінде жаяу сырма соғады. Күндіз -10-15 (оңтүстік-шығысында -7), түнде -20-25 (оңтүстік-шығысында -15).
Ақтөбе облысында оңтүстігінде жаяу сырма соғады. Ауа температурасы күндіз -5-10 (солтүстік-шығысында -13), түнде -13-18 (солтүстік-шығысында -23).
Қостанай облысының шығысында тұман түседі. Күндіз -13-18 (оңтүстігінде -10), түнде -23-28 (оңтүстігінде -13-18).
Павлодар облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз -10-15 (оңтүстігінде -5), түнде -23-28 (оңтүстігінде -18).
Алматы облысында оңтүстігінде қар жауады. Күндіз -10-15 (оңтүстік-шығысында -7), түнде -20-25 (оңтүстік-шығысында -15).
"Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, мұз қату құбылысы күшейеді, қысқы бұрқасын сақталады ", - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34