Жұма күні Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 19 тамызда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі», - делінген бейсенбідегі хабарда.
19 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 19 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 19 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
«19 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қ: күндіз 19 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.
19 тамызда түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде тұман, жер бетінде 2 градус үсік күтіледі.
19 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 19 тамызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
«19 тамызда Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Орал қ.: жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с», - деп ескертті синоптиктер.
19 тамызда Жетісу облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, күші 20-25, екпіні 28 м/с.
19 тамызда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 тамыз күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, 17-22 м/с. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ: 19 тамызда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.
19 тамызда Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде үсік 2 градус күтіледі.

adimage