Жұма күні Ақмола және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Ақмола және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«15-17 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді «Қазгидрометте».

adimage