Қызылорда облысында Т776 млн сомаға жалған шот-фактура беріп келген бір топ адам күдікке ілінді

Алматы. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысында Т776 млн сомаға жалған шот-фактура беріп келген бір топ адам күдікке ілінді, деп хабарлады ҚР ҚМ қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру шаралары аясында ұзақ уақыт бойы орындалмаған жұмыс, көрсетілмеген қызмет пен тиелмеген тауар үшін жалған шот-фактуралар дайындап келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, олардың әрекетінен мемлекетке 776 миллион теңге шығын келген.
Қазіргі уақытта Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-2 бөлігі бойынша топтың басшысы, ұйымдастырушысы мен қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

adimage