Юрий Мизинов Қазақстан Журналистер Одағының алтын медалімен марапатталды

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Юрий Мизинов Қазақстан Журналистер Одағының алтын медалымен марапатталды, деп хабарлады осы шығармашылық ұйым басқармасының шешіміне сілтеме жасаған агенттік тілшісі.
«Юрий Михайлович елдегі азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі және ерен еңбегі үшін марапатталды», - деді Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев.
«Оның интернет-басылымды алғаш болып ашуы, ресми түрде тіркелуі айтарлықтай іс болды, түрлі ұстанымдар үшін пікір-талас алаңын құрды және пікірлер тепе-теңдігін сақтауға тырысты. Ол пікірді ұнатуға болады, оны қабылдамауға болады, бірақ ең бастысы – ол жеке басқа тиісуге және алауыздық тудыруға жол бермеді. Бұл ретте ол мықты болды және тайсалмады, сол үшін де оны бағалайды және құрметтейді», - деді Сейтқазы Матаев.
Айта кетерлігі, осы күні  zonakz.net иентернет-басылымының негізі құрылғанына 20 жыл және Юрий Михайлович Мизиновтың туғанына 70 жыл толады, ол мобильді байланыс пен әлеуметтік желі жоқ кезде әлі көбі аналогтық телефонды пайдаланып жүргенде елдегі мемлекеттік емес баспасөздың дамуына көп үлес қосты. Ол қарағандылық «Сарыарқа» телекомпаниясының директоры, «Зебра», «Колесо», «Грач», «451 по Фаренгейту» газеттерінің бас редакторы, соңғы жылдары «Навигатор», Zonakz.net басылымдарының бас редакторы болды.
Ю. Мизинов – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисті.

adimage