Қытайда болған жер сілкінісі Алматыда сезілді

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ – Қытайда болған жер сілкінісі Алматыда сезілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы» баспасөз қызметінен.
«ҚР ТЖМ «ҰСБмЗҒО» ЖШС сейсмикалық станция желісі 22 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 00.26-да жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-шығысында 260 шақырым жерде Қытай шекарасында орналасқан», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0. Магнитудасы – MPV 4,6.
«Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл», - деді сейсмологтар.

adimage