Қытай 2022 жылы елдегі ең ірі СТГ терминалын іске қосады

Алматы. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қытай 2022 жылы елдегі ең ірі СТГ терминалын іске қосады, деп хабарлады қытайлық мемБАҚ-қа сілтеме жасаған Kallanish Energy.
«Қытай СТГ импорты үшін ірі терминал салуды жоспарлауда, терминал жұмысының басталуы 2022 жылға жоспарланған. СТГ «ресурстық базасы» Цзянсу провинциясында орналасады, ол жылына 20 млн тонна СТГ импорттауға мүмкіндік береді», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, бастапқы кезеңде нысанда әрқайсысының сыйымдылығы 220 мың текше метр алты резервуар салынатын болады.
Басылым ақпарынша, терминалды іске қосу қуаты жылына шамамен 3 млн тоннаны құрайтын болады. Екінші кезеңде сыйымдылығының жалпы көлемі 270 мың текше метр алты резервуар салынады.

adimage