Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Қырғызстан туризмінің бұрынғы вице-министрі Максат Чаки сарапшыларының Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге бағытталған шаралардың тиімсіздігі туралы қазақстандық ұйымдастырушыларды ескертуге тырысқандарын жеткізді.
«Өте өкінішті! Өте өкінішті!!! Осы жағдайдың алдын алу үшін мен жыл басында Қазақстан спорт және турзим министрінің орынбасарымен кездескен едім. Қазақстан жетекші турсарапшылары Исатай Аңсат пен Жазира Жанкина ҚР туризм министрлігіне біздің ұсыныстарымыз бен жобаларымызға құлақ асуға шақырды. Себебі біз V Ойындар дирекциясының барынша тиімді жұмыс жасап жатпағанын көрдік. Біз сол кездегі министрмен кездесуді күттік, бауырларымызға көмектескіміз келді. Алайда ол бізді де, біздің ұсынысымызды да қабылдаудан бас тартты. P.S. Қырғызстан болса Көшпенділер ойындарынының қорытындысы бойынша ІЖӨ-дегі туризм үлесін екі есе көтере алды», - деп жазды Чаки әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 19 қыркүйекте белгілі болғандай, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына бюджеттен Т5,7 млрд ( $12 млн астам) жұмсалған болса, одан елімізге тек $625 мың – яғни мемлекеттің турнирді өткізуге жұмсаған қаржысынан 20 есе аз кіріс түскен.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада автобус паркі автобустарды жууға Т233,5 млн жұмсамақ
20 Желтоқсан 2024, 14:55 -
Алматыда заңсыз есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
20 Желтоқсан 2024, 14:53 -
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті белгілі болды
20 Желтоқсан 2024, 14:31