Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін «Қырғызстан Республикасы Үкіметінің отставкасы» туралы Жарлыққа қол қойды», деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚырТАГ.  
«Президент Жогорку Кенештің Қырғызстан Үкіметіне сенімсіздік білдіруіне байланысты Қырғызстан Республикасы Конституциясының 85-бабы 6-бөлігі, «Қырғызстан Республикасының үкіметі туралы» заңының 13-бабы 1-бөлігі 5-тармағын басшылыққа ала отырып, Қырығызстан Республикасының үкіметін отставкаға жіберді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Жарлыққа сәйкес, ҚР министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға  дейін премьер-министр, вице-премьер-министрлер, ҚР үкімет мүшелері бұрынғы қызметтерін жалғастыра береді.  
Президент жарлығы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.  

adimage