Астана. 28 қазан. ҚазТАГ - Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды агенттік.
«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы жобасын енгізу», - делінген үкіметтің қаулысында.
Құжатқа сәйкес, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығын:
1) «Жоғары температуралық қорытпалар мен олардың негізінде бөлшектерді өндіру мен өңдеудің жаңа буын технологияларын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
Исағұлов Аристотель Зейнуллинұлы - «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, т.ғ.д., профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;
Жетесова Гүлнара Сантайқызы - «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;
Ибатов Марат Кеңесұлы - «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы - ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі;
Квон Светлана Сергеевна - Қарағанды техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының нанотехнологиялар және металлургия кафедрасының профессоры, т.ғ.к., профессор;
Куликов Виталий Юрьевич - Қарағанды техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының нанотехнологиялар және металлургия кафедрасы меңгерушісінің м.а., т.ғ.к., профессор;
Сулейменов Тулеутай Скакович - «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ресурстар мен минералды шикізаттарды кешенді игеру» инженерлік сынақ зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы;
2) «Клиникалық медицинада инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмыс үшін:
Байгенжин Абай Қабатайұлы - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты;
Асқаров Манарбек Бапұлы - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының жасушалық технологиялар және трансплантология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
Жантурғанов Мақсат Әскерұлы - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты;
Қадырова Еңлік Абдыкаримовна - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты;
Кәрібеков Темірлан Сібірұлы - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының медициналық қызмет және ғылым жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы;
Купенов Болат Ғаббасұлы - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты;
Сапарбаев Самат Сағатұлы - «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты;
3) «Локалды емес дифференциалдық операторлар теориясы туралы» тақырыптағы мақалалар топтамасы үшін:
Садыбеков Махмуд Абдысаметұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Сұраған Дурвудхан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, PhD докторы, доцент.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34