Астана.3 қазан.ҚазТАГ- Велоспортшы Алексей Луценко Азия -2022 ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір алтын қосты, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.
«Ол 39,6 шақырымды әр уақытта бастаған велошабандоздар арасында үздік нәтиже көрсетті»,- делінген ақпаратта.
Луценко аталған қашықтықты 48:05,75 уақыт көрсеткішімен жүріп өтті. Күміс медаль алған қытайлық спортшы Суе Миннен 2 минутқа оза шыққан. Қола медальды гонконгтық спортшы Винсент Ван Лау иеленді.
Велоспортшы Алексей Луценко Азия -2022 ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір алтын қосты
