Вакцина салу жоспарының орындалмағаны үшін әкімдердің орынбасарлары жауапқа тартылуы мүмкін

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Вакцина салу жоспарының орындалмағаны үшін әкімдердің орынбасарлары жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
«Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакцинация жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», - деді Тоғжанов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Вице-премьер атап өткендей, ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакцинация қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. «Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ».

adimage