ТЖМ Түркістан облысындағы су тасқыны жайлы: Су ағыны жалғасуда, болжам көңіл көншітпей отыр

Түркістан. 3 ақпан. ҚазТАГ – Түркістан облысында су ағыны жалғасуда, болжам көңіл көншітерлік емес, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны әлі де жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпей отыр», - делінген төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өткізген Түркістан облысындағы су тасқыны мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша таратылған хабарда.
ТЖМ басшысы жағдайды ушықтырмай, жағдайдың салдарымен шұғыл түрде күресуді тапсырды.
«Бірлесіп әрекет етудің арқасында Майдантал ауылының суға кетуіне жол бермедік. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмыс жасауда. 200-ден астам адам және 800 бас ҰҚМ қауіпсіз жерге көшірілді. Инертті материалы бар 13 мыңнан астам қап қойылды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штаб, «жедел желі» жұмыс жасап жатыр», - деді ТЖМ.

adimage