Цифрлық сауаттылық рейтингінде қазақстандық оқушылар соңғы орында

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Цифрлық сауаттылық рейтингінде қазақстандық оқушылар 12 ел арасында соңғы орында тұр, деп хабарлады француздық цифрлық Аrchimag дайджесті.

«Даттықтар, ресейліктер және Оңтүстік Корея студенттері рейтинг подиумында алғашқы үштікке енген (сәйкесінше 553 балл, 549 балл және 542 балл). Соңғы орындарда Италиялық (461 балл), уругвайлық (450 балл) және қазақстандық (395 баллов) студенттер орналасқан», - делінген хабарда.

Рейтинг халықаралық сауалнамаға негізделген, оны ICILS (Халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылық зерттеу) бірнеше құрлықтағы он екі ел арасында жүргізеді.

adimage