Тоқаев жер заңнамасының сақталуын тексеруге мораторийді алып тастады

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер заңнамасының сақталуын тексеруге мораторийді алып тастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу», - делінген сәрсенбіде Ақордада жарияланған Тоқаевтың жарлығында.
Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage