Тоқаев жаңа тағайындауларға дейін президентке бағынышты меморгандар басшылары мен әкімдерін орындарында қалдырды

Күні: 14:36, 12-06-2019.

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – 12 маусымда қызметіне кіріскен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындауларға дейін президентке бағынышты меморгандар басшылары мен әкімдерді орындарында қалдырды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын», - делінген сәрсенбідегі президент жарлығында.
Осындай нұсқауды Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне де берді - «тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын».


Жаңалықтармен бөлісу: