Тоқаев Қырғыстанда Еуропалық кеңес президентімен кездесті

   Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы.
   «Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті»,- деп мәлімдеді Ақорда.

adimage