Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президенті То Ламды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара сенім мен серіктестікке негізделген достық байланыс орнағанына тоқталды. Сонымен қатар елдеріміздің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін растады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі», - деп хабарлады Ақорда.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салу жұмыстарына Т10,3 млрд жұмсамақ
16 Қазан 2024, 12:51 -
Қазақстанда БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу жөніндегі кеңес құрылады
16 Қазан 2024, 11:39 -
Қазақстанда басым өңірінде сәрсенбі күні қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде
16 Қазан 2024, 08:40