Тоқаев «Теңізшевройлдың» 2,6 млрд текше метр газды ішкі нарыққа бағыттауын құптады

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев «Теңізшевройлдың» 2,6 млрд текше метр газды қосымша бағыттауын құптады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады.
Кездесуде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен алдағы уақыттағы өзара іс-әрекетінің негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.

adimage